Департамент басшысы Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарын аралады

    1 / 3
    ✅ Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мәди Бауыржанұлы Қармақшы ауданына іссапармен барды.
    ✅ Іссапар барысында департамент басшысы алдымен Байқоңыр қаласындағы №298 мектепке барып, білім беру ұйымының жұмысымен танысты. Оқушылардың білім алуына жасалған жағдайды, оқу процесі ұйымдастырылатын ортаны және қауіпсіздік мәселелерін назарға алды.
    ✅ Іссапар барысында №26 балабақшаны аралап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған жағдаймен танысты. Балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуі мен дамуына қатысты мәселелерге көңіл бөлді.
    ✅ Білім беру сапасы мен балалардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары