
✅ Мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және құжат айналымы үдерістерін тиімді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге Zoom платформасы арқылы онлайн форматта AITU бағдарламасын қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
✅ Ақпараттық – түсіндіру жұмыстары барысында AITU бағдарламасының мүмкіндіктеріне, оны қызметтік жұмыста пайдалану тәртібіне және құжаттармен жұмыс істеудің цифрлық тәсілдеріне, жасанды инттелектпен байлынысына тоқталды.
✅ Атап айтқанда, электрондық құжат айналымын ұйымдастыру, құжаттарды дайындау, өңдеу және тиісті бағыттар бойынша жолдау кезінде цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
✅ Сондай-ақ онлайн кездесуде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, практикалық тұрғыда түсіндірмелер алды.









