
Білім беру ұйымдарында сапаны қамтамасыз ету – білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі. Осы бағытта бүгін Департамент басшысы М. Бекмағанбетов 2026 жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшыларымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік аттестаттаудың қолданыстағы жаңа тәртібі, нормативтік талаптары мен білім беру ұйымдары басшыларының жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді.

Атап айтқанда, 2026 жылы мемлекеттік аттестаттау рәсіміне енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттарына, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау материалдарын әзірленуіне, белгіленген өлшемшарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуіне және қажетті құжаттарды нормативтік талаптарға сай рәсімделуіне ерекше назар аударылды.

Департамент басшысы мемлекеттік аттестаттаудың басты мақсаты тек талаптардың орындалуын тексеру емес, ең алдымен, білім беру ұйымдарындағы білім сапасын, қауіпсіз білім беру ортасын және басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының басшыларына аттестаттауға дайындық барысында нормативтік құқықтық актілер талаптарын басшылыққа алып, белгіленген рәсімдер мен мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді.