
Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтегі әдеп стандарттарын сақтау мәселелеріне арналған құқықтық оқыту семинары өткізілді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы және Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы қатысты.

Семинар барысында Жанар Жалғасбайқызы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, олардың негізгі бағыттарын түсіндірді. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу, мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтау туралы баяндама жасады.

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әбдіқадыр Бағдат Нажмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттары, мінсіз бедел қалыптастыру, қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық талаптары, азаматтармен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі мінез-құлқына, цифрлық ортадағы әдеп талаптарына және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырудағы жеке жауапкершілігіне назар аударды.

Департамент басшысы Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы құқықтық оқыту семинарының мемлекеттік қызметшілердің заңнамалық білімін жетілдіруде, қызметтік жауапкершілігін арттыруда және мемлекеттік қызметтегі әдеп қағидаттарын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

Департамент тарапынан заңнама талаптарын күнделікті қызметте мүлтіксіз сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде бейтараптық таныту, мүдделер қақтығысына жол бермеу және заңнамаларға енгізілген өзгерістер бағытында тиісті жұмыстар атқарылатын болады.