Оқушылар ШҚО полициясының жұмысымен танысты

    1 / 7

    Тарих, күнделікті қызмет және заманауи технологиялар – «НұрОрда» мектеп-лицейінің 4-5 сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментіне барып, полиция қызметінің әр түрлі бағыттарымен танысты.

    Балалар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылып, олар алдымен департамент музейін аралады. Мұнда оқушылар ішкі істер органдарының қалыптасу және даму тарихымен танысып, әр жылдары қызмет еткен полицейлердің өмір жолы, ерлік істері мен қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі туралы білді.

    Одан кейін оқушылар Жедел басқару орталығына барды. Онда оларға бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетіліп, оның көмегімен қаладағы жағдай қалай бақыланатыны және заманауи цифрлық технологиялардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді.

    Балалардың қызығушылығын полиция қызметін сырттай бақылап қана қоймай, оның жұмыс барысын жақынырақ көру мүмкіндігі арттырды. Олар қызықтырған сұрақтарын қойып, қызметтің ерекшеліктері мен полиция қызметкерлерінің күнделікті міндеттері туралы білді.

    Мұндай кездесулер балалардың жауапкершілік, тәртіп және заңға құрмет туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Бәлкім, экскурсияға қатысқан оқушылардың бірі үшін бұл сапар болашақ мамандығын таңдауға жасалған алғашқы қадам болар.

    Дереккөз: ШҚО ПД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары