Елдегі ЖРВИ мен тұмау бойынша эпиджағдай маусыдық деңгегейге сәйкес

    Қазақстанда ЖРВИ мен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Соңғы аптада ЖРВИ жұқтыру жағдайларының саны 6,8%-ға азайды. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері сырқаттанушылық деңгейі өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 28,3%-ға төмен.

    Соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 жағдайы тіркелді. Эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы саны 1 453 967 жағдайды құрады.

    Республикадағы эпидемиологиялық жағдай күзгі кезеңге тән маусымдық деңгейге сәйкес келеді. Мамандар сырқаттанушылық пен респираторлық вирустардың таралуына апта сайын мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

    1 қыркүйектен бастап тұмаудың 297 жағдайы зертханалық жолмен расталды. Оның ішінде 295 жағдайы – A(H1N1) вирусы, ал екі жағдайы – В типті тұмау. Басқа респираторлық вирустардың ішінде риновирустар, бокавирустар және аденовирустар басым анықталуда.

    Қазақстанда тұмауға қарсы 2 миллионнан астам адам вакцина алды. Вакцинациядан 2 065 649 адам өтті. Бұл жоспарланған қамту деңгейінің 93,9%-ын құрайды. Вакцина еліміздің барлық өңірінде бар.

    Республикада инфекциялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін 13 335 инфекциялық төсек-орын дайындалған. Қазіргі уақытта олардың 63%-ы, оның ішінде балаларға арналған төсек-орындардың 69,4%-ы қамтылған.

    Эпидемиологиялық жағдай мен медициналық ұйымдардың маусымдық сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты пациенттер санының артуына дайындығы бақылауда.

    Қарапайым профилактикалық шараларды сақтауды ұсынамыз: қолды үнемі жуу, бөлмелерді жиі желдету, науқас адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу. ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда үйде қалып, қажет болған кезде медициналық көмекке жүгіну қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары