Медициналық қалдықтар: басқарудың цифрлық жүйесіне көшу

    Медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу Қазақстанның экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының біріне айналып отыр.

    Медициналық ұйымдар, зертханалар мен диагностикалық орталықтар санының артуы қалдықтар көлемінің ұлғаюына алып келеді. Олардың бір бөлігі халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндір уі мүмкін.

    Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 100-бабына сәйкес медициналық қалдықтар бес сыныпқа бөлінеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды жинау, сақтау, тасымалдау және залалсыздандыру талаптарының сақталуы ерекше маңызға ие.

    Бұл ретте қалдықтардың пайда болған жерінен бастап олардың қауіпсіз залалсыздандырылғанын растауға дейінгі барлық процестің қадағалануын қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі болып қала береді. Ол үшін есепке алудың анықтығы, цифрлық мониторинг және мемлекеттік органдардың, медициналық ұйымдар мен мамандандырылған кәсіпорындардың тиімді өзара іс-қимылы маңызды.

    Комитет тарапынан «Эпидемиолог» ақпараттық жүйесіне медициналық қалдықтармен жұмыс істеу процесін есепке алу және бақылау тетіктерін интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын «Жасыл даму» АҚ саланы аналитикалық сүйемелдеуге, есепке алу жүйесін цифрландыруға және оның ашықтығын арттыруға бағытталған бағдарламаны әзірлеуде.

    Бірыңғай басқару жүйесіне көшу бақылау тиімділігін арттыруға, деректердің анықтығын қамтамасыз етуге және қауіпті қалдықтармен тиімсіз жұмыс істеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

    Басты мақсат – әрбір медициналық қалдықтың пайда болған сәтінен бастап оны өңдеу және залалсыздандыру жөніндегі қажетті рәсімдердің толық аяқталғаны расталғанға дейінгі барлық кезеңде қадағалануын қамтамасыз ететін жүйе құру.

    Бұл Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті нығайту және қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болмақ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары