Комитетте Адами ресурстарды дамыту басқармасы құрылды

    Комитетте жаңа құрылымдық бөлімше – Адами ресурстарды дамыту басқармасы құрылды. Басқарманың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің кадрлық әлеуетін жүйелі түрде нығайтуға, мамандарды даярлау сапасын арттыруға және олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталады.

    Басқарманың құрылуы саладағы өзекті кадрлық мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты. Қазіргі уақытта аумақтық бөлімшелерде мамандарға деген қажеттілік шамамен 425 адамды құрайды, оның 83%-ы бейінді мамандарға тиесілі.

    Кадрлық әлеуетті нығайту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің және қызметтің қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге дайындығын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ретте мамандарды жұмысқа тартумен қатар, оларды кәсіби даярлаудың, үздіксіз оқытудың және мансаптық дамытудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет.

    Басқарма жұмысының негізгі бағыттарына кадрлық жағдайға мониторинг жүргізу, қызметтің мамандарға қажеттілігін талдау және болжау; қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастыру; кадр резервін қалыптастыру және дамыту; медициналық жоғары оқу орындарымен және колледждермен өзара іс-қимылды нығайту; санитариялық дәрігер және эпидемиолог мамандықтарын жастар арасында кеңінен насихаттау; ғылыми қызметті дамыту және кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру кіреді.

    Білім беру ұйымдарымен тұрақты өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыруға, салаға жас мамандарды тартуға және қазіргі қызметкерлердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары