Трансмайлар: өнімдерді таңдау кезінде неге назар аудару керек?

    Трансмайлар – кейбір тағам өнімдерінің құрамында кездесуі мүмкін май қышқылдарының бір түрі. Өнеркәсіптік трансмайлардың негізгі көздерінің бірі – ішінара гидрогенделген өсімдік майлары.

    Олар маргариннің кейбір түрлерінің, спредтердің, аспаздық және басқа да май өнімдерінің құрамында болуы мүмкін.

    Өнеркәсіптік трансмайларды тұтынуды қалай азайтуға болады?

    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті халыққа мынадай ұсынымдар береді:

    ·Сатып алмас бұрын май өнімдерінің таңбаламасы мен құрамын мұқият зерделеңіз.

    ·Өнім құрамында ішінара гидрогенделген өсімдік майларының бар-жоғына назар аударыңыз.

    ·Құрамында қанықпаған май қышқылдары бар өнімдерге басымдық беріңіз.

    ·Тағам дайындау үшін құрамында қанықпаған май қышқылдары көп өсімдік майларын таңдаңыз.

    ·Құрамында өнеркәсіптік трансмайлар бар өнімдерді тұтынуды шектеңіз.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, трансмай қышқылдарын жалпы тұтыну тәуліктік рационның энергетикалық құндылығының 1%-ынан аспауы тиіс. Бұл тәулігіне 2000 ккал мөлшеріндегі рацион кезінде 2,2 грамнан аз трансмай тұтынуға сәйкес келеді. Өнеркәсіптік трансмайларды тамақтану рационынан толығымен алып тастау ұсынылады.

    Есіңізде болсын!Тағам өнімдерінің құрамын мұқият зерделеу және өнімдерді саналы түрде таңдау – дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөліктері.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары