Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізу жалғасуда. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Соңғы аптада COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 21 жағдайы тіркелді, бұл алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 48%-ға төмен. 2026 жылдың басынан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 327 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,9 есе төмен.
Жаңа PJ.2.1 нұсқасына келетін болсақ, ол Omicron тұқымдасына жатады және JN.1 желісінің туындысы болып табылады. Соңғы геномдық мониторинг нәтижелері бойынша зерттелген үлгілер арасынан бұл нұсқа анықталған жоқ.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









