Комитетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті

    1 / 3

    Бүгін Комитет төрағасы Сархат Бейсенованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелерінің, Ұлттық сараптама орталығы мен оның филиалдарының, сондай-ақ обаға қарсы күрес станцияларының өкілдері қатысты.

    Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін жағдайлар мен алғышарттарды жою мәселелері қаралды.

    Қатысушылар аумақтық бөлімшелер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шараларды талқылады.

    Кеңес қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттер айқындалды.

    Кеңес соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту және қызметкерлердің жеке жауапкершілік деңгейін арттыру бойынша жүйелі әрі дәйекті жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары