Көкжөтелдің алдын алу

    1 / 2

    Көкжөтел бірқатар ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Оларға пневмония, бронхит, тыныс алудың уақытша тоқтауы (апноэ), тыныс алу жеткіліксіздігі, құрысулар және оттегінің жетіспеушілігінен мидың зақымдануы жатады. Бұл ауру әсіресе 1 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.

    Алдын алудың негізгі шаралары: уақтылы вакцинациялау (АКДС), науқасты оқшаулау, бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу, қолды сабынмен жуу және науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу. Науқаспен байланыста болған жағдайда дәрігерге қаралып, медициналық бақылаудан өту және қажет болған жағдайда антибиотиктік профилактика жүргізу мәселесін шешу қажет.

    Көкжөтелдің ауыр түрінен қорғанудың ең тиімді жолы — уақтылы вакцина алу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары