Комитетте санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында 40 жыл еңбек еткен әріптесіміз Сара Мойнақованы құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі өтті.
Еңбек жолында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның санитариялық дәрігерінің көмекшісінен Комитеттің бас сарапшысына дейінгі жолдан өтті. Басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.
Іс-шара аясында Комитет қызметкерлерін марапаттау рәсімі де өтті. Салада 40 жыл еңбек өтілі бар Шәукіш Сейтмағамбетова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Ол еңбек жолын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет дәрігері ретінде бастап, кейін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының басшысы лауазымына дейін көтерілді. Әртүрлі бейінді және басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, санитариялық-гигиеналық қадағалауды дамытуға, мемлекеттік бақылауды жетілдіруге, көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосты.
Сонымен қатар, Мадина Орысбаева ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен, ал Дамира Нұран Құрмет грамотасымен марапатталды.
Әріптестері көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін барша марапат иелеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және толағай табыс тіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









