Бүгін Астанада цифрлық таңбалауды дамыту, тауар нарығының ашықтығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Тауарларды таңбалаудан тұтынушылар сеніміне дейін» атты Digital Tañba 2026 форумы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың, тауарларды таңбалау операторларының, салалық бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Форум аясында К омитет төрағасының м . а . Нұрқан Сәд у акасов биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың айналымын бақылауды цифрландыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
ББҚ-ны электрондық сауда алаңдарында сату кезінде ықтимал заңбұзушылықтарды анықтау үшін жасанды интеллект технологияларын қолдануға ерекше назар аударылды.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай операторымен және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп, мемлекеттік тіркеуден өтпегенінің белгілері бар өнімдерді анықтауға арналған жасанды интеллект құралы әзірленді. Бастапқы кезеңде Kaspi, Satu, Wildberries және Ozon платформаларындағы тауар ұсыныстарына талдау жүргізілді. Нәтижесінде ықтимал заңбұзушылық белгілері бар 22 651 тауар позициясы анықталды. Талдау нәтижелері алдын ала сипатқа ие және қосымша тексеруді қажет етеді.
Сондай-ақ ББҚ-ны міндетті цифрлық таңбалауды енгізу нәтижелері таныстырылды. Қазіргі уақытта жүйеде нарықтың 450-ден астам қатысушысы тіркеліп, өнімдердің 3,5 мыңнан астам карточкасы жасалған және 400 мыңнан астам таңбалау коды енгізілген.
2027 жылғы наурыздан бастап жүйені дамытудың келесі кезеңі көзделген. Оның аясында өнімдердің қадағалану тетіктерін кеңейту және өнім айналымын электрондық сүйемелдеу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар халықты ББҚ-ны жауапкершілікпен тұтыну туралы ақпараттандырудың, оларды дәрігер тағайындаған емнің орнына қолдануға жол бермеудің, сондай-ақ сенімді ақпарат пен мамандардың ұсынымдарына сүйенудің маңыздылығы атап өтілді.
Цифрлық таңбалау мен заманауи талдау құралдарын енгізу нарықтың ашықтығын арттыруға, мемлекеттік бақылауды жетілдіруге, адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









