Обаға қарсы күрес станцияларының материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде жаңарту аясында олардың автопаркі толық жетекті жаңа техникамен толықтырылуда.
Өткен жылы республикалық бюджет пен пандемиялық қор қаражаты есебінен дөңгелек формуласы 4×4 болатын 29 жаңа автокөлік сатып алынды. Биыл автопаркке тағы 24 автокөлік қосылды. Осылайша, екі жыл ішінде обаға қарсы күрес бөлімшелері үшін барлығы 53 жаңа автокөлік сатып алынды.
Жаңа автокөліктер мамандарды қызметтік міндеттерін орындау орындарына жедел жеткізуге, сондай-ақ жеке құрамды, жабдықтар мен қажетті жүктерді тасымалдауға арналған. Жабдықталған кабинасы қызметтік бригаданы қажетті құрал-жабдықтарымен және мүлкімен бірге тасымалдауға мүмкіндік береді.
Толық жетекті трансмиссия автокөліктердің жол талғамайтын мүмкіндігін арттырады. Бұл әсіресе жол жағдайы күрделі және жетуі қиын аумақтарда жұмыстар жүргізу кезінде маңызды.
Автопаркті жаңарту обаға қарсы күрес станциялары мамандарының ұтқырлығын арттыруға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жүктелген міндеттерді уақтылы орындауға қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сенімді көлікпен қамтамасыз ету қызметі әртүрлі өңірлерге, жол және табиғи-климаттық жағдайлары әркелкі аумақтарға шығуды қажет ететін обаға қарсы күрес бөлімшелерінің жұмысы үшін ерекше маңызға ие.
Автопаркті жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. 2027–2029 жылдары обаға қарсы күрес станциялары үшін осындай автокөліктер сатып алу жоспарлануда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









