«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН»: БІРГЕ ТОҚТАТАЙЫҚ!

    «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН»: БІРГЕ ТОҚТАТАЙЫҚ! 2026 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» республикалық акциясы өткізіледі.

    Аталған акция БҰҰ Бас Ассамблеясының 1999 жылғы 17 желтоқсандағы №54/134 қарарына сәйкес жыл сайын ұйымдастырылады. 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күрестің халықаралық күні. Ал 10 желтоқсан – Адам құқықтары күні. Осы екі күннің аралығында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алуға және оны жоюға бағытталған халықаралық науқан өткізіледі. 2026 жылғы науқан «Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты БІРГЕ тоқтатайық: зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік және зардап шеккендерді қорғау үшін барлық қажетті жағдайды жасау» ұранымен өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Осыған байланысты акция аясында ақпараттық-түсіндіру кездесулері, профилактикалық әңгімелер және түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, халыққа құқықтық көмек көрсету жолдары түсіндіріледі. Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – баршамызға ортақ міндет. Әрбір адам қауіпсіз өмір сүруге және құрметке лайық! ​

    Алматы қ. Әуезов ауданы полиция басқармасының Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша бөлімше бастығы

    полиция майоры Шалкарова Данагуль Бакытжановна

    ​

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары