Мамандықпен жақынырақ танысу: ШҚУ студенттері Полиция департаментінде болды

    1 / 9

    Мамандықпен жақынырақ танысу: ШҚУ студенттері Полиция департаментінде болды

    С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің болашақ заңгерлері мен криминалистері ШҚО Полиция департаментінің бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Экскурсия дуальды білім беру аясында ұйымдастырылып, оған «Құқықтану», «Сот-прокурорлық қызметі» және «Химиялық-криминалистикалық сараптамасы» мамандықтарының студенттері қатысты.

    Болашақ мамандармен Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжанов кездесті. Ол ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттары мен полиция қызметінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Сондай-ақ студенттер қылмыстық істерді тергеу, тергеу әрекеттерін жүргізу және дәлелдемелер жинау тәртібімен танысты.

    Криминалистер оқиға орындарынан іздерді анықтауға, тіркеуге және алуға арналған құрал-жабдықтары бар криминалистикалық чемоданды көрсетті. Ал Жедел басқару орталығында студенттер жедел жағдайдың тәулік бойы қалай бақыланатынын, бейнебақылау камераларының жұмысын және полиция жасақтарының үйлестірілу тәртібін көрді.

    Құқық қорғау органдарының жұмысындағы цифрлық технологиялар туралы Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасының қызметкерлері айтып берді. Олар роботтандырылған иттің мүмкіндіктерін көрсетіп, оның функционалы мен арнайы міндеттерді орындау кезінде қолдану перспективаларына тоқталды.

    Студенттер Полиция департаментінің музейін де аралап, өңірдегі ішкі істер органдарының қалыптасу және даму тарихымен танысты.

    Экскурсия болашақ мамандарға полиция қызметінің әртүрлі бағыттарын жақыннан көруге мүмкіндік берді. Қылмыстық істерді тергеуден бастап криминалистика мен заманауи цифрлық технологияларға дейінгі жұмыс барысымен танысу олардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға жол ашты.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары