Мәдениеттілік әрқайсымыздан басталады

    Мәдениеттілік әрқайсымыздан басталады

    Біз тәртіп, тазалық және қоғамдық ортадағы әдеп туралы жиі айтамыз. Алайда өзгелерге ескерту жасап, айналамыздағылардан тәртіп сақтауды талап етпес бұрын, ең алдымен өзімізден бастағанымыз жөн.

    Өкінішке қарай, қоғамдық орындардың баршаға ортақ кеңістік екенін, әрбір адамның әрекеті айналасындағылардың жайлылығына әсер ететінін бәрі бірдей түсіне бермейді.

    Бұған нақты жағдай да дәлел: ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 36 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оны аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

    Мәдениет — сөзбен емес, күнделікті іс-әрекеттен көрінетін қасиет. Ол — адамдарға құрметпен қарау, қоршаған ортаға ұқыптылық таныту және қарапайым тәртіп нормаларын сақтау.

    Полиция қоғамдағы тәртіп тек уәкілетті органдардың жұмысына ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі мен саналы көзқарасына да байланысты екенін еске салады.

    Өзгелерден тәртіп талап етпес бұрын, алдымен өзімізден бастайық. Өйткені қоғамның мәдениеті әр адамның жеке жауапкершілігінен қалыптасады.

    «Заң мен тәртіп» әрқайсымыздан басталады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары