БҚДА МЕН БДТЗО САРАПШЫЛАРЫ МАГИСТРАНТТАРДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН БАҒАЛАДЫ

    1 / 3

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің және Бәсекелестікті дамуын талдамалық зерттеуорталығының өкілдері «Бәсекелестік құқығы» пәні бойынша магистранттардың зерттеу жобаларын қорғауға қатысты.

    Магистранттардың жұмыстарында тұтыну тауарлары нарықтарын талдауға арналған қолданбалы кейстер, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы әзірленген цифрлық платформалардың прототиптері ұсынылды. Зерттеулер бірқатар брендтердің баға саясатын салыстырмалы талдауды, бағалардың өзгеру динамикасын, нарықтық үлестерді айқындаудың әдіснамалық тәсілдерін және нарық қатысушыларының мінез-құлқын бәсекелестік құқық тұрғысынан құқықтық саралауды қамтыды.

    Жобаларды қорғау барысында сарапшылар дәлелдемелік базаның дұрыстығын тексеруге, тауар позициялары мен жеткізу шарттарының салыстырмалылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ есептеулердің әдіснамалық тұрғыдан дұрыстығына және қорытындылардың құқықтық негіздемесіне ерекше назар аударды. Практикалық қызметте ақпаратты тексеру, зерттеу әдістерін дұрыс таңдау және қорытындыларды дербес негіздеу маңызды кәсіби дағдылар болып қала береді. Магистрлік жұмыстарды талқылаудың негізгі аспектілерінің бірі стандартты коммерциялық саралауды бәсекелестікке қарсы шектеу белгілері болуы мүмкін және монополияға қарсы орган тарапынан қосымша зерделеуді қажет ететін практикалардан ажырату болды.

    Ұсынылған жұмыстардың нәтижелері олардың жоғары қолданбалы маңыздылығын көрсетті. Алынған эмпирикалық деректер мен аналитикалық байқаулар бәсекелестікті шектеу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарына бастапқы мониторинг жүргізу үшін ақпараттық негіз бола алады. Ал верификациялау рәсімінен өткеннен кейін оларды аналитикалық жұмыс жоспарын қалыптастыру процесіне енгізуге болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі" жаңалықтары