БҚДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

    Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

    Конкурс Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Заңына және Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес Агенттіктің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобымен өткізіледі.

    Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 15 адам. Оның құрамына коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері кіреді.

    Қоғамдық кеңес мүшелігіне Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы кандидат бола алады.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінішті және (немесе) кандидатураны ұсыну туралы ұсынысты қажетті құжаттармен бірге пошта немесе электрондық пошта арқылы жолдауы қажет.

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

    1.Азаматтың өтініші және (немесе) коммерциялық емес ұйымның Қоғамдық кеңес құрамына кандидатураны ұсыну туралы жазбаша ұсынысы (1 және 2-қосымшалар).

    2.Кандидаттың өмірбаяндық деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3-қосымша).

    3.Соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

    4.Психикалық және мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама.

    5.3 және 4) тармақтарда көрсетілген анықтамаларды кандидат өз бетінше ұсынады немесе Агенттіктің оларды ақпараттық жүйелерден сұратуына жазбаша келісім береді.

    Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

    ·Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;

    ·сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық қылмысын және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы;

    ·психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар (аурулар), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулар бойынша есепте тұрмауы.

    ·Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 23 қарашаны қоса алғанда.

    ·Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 1-кіреберіс.

    Электрондық пошта: [email protected].

    Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 74 34 37, 8 702 782 15 09.

    Өтініш

    Өтініш 2

    Өтініш 3

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі" жаңалықтары