Астанада қалалық шақыру комиссиясының отырысы өтті

    1 / 2

    2026 жылғы 19 қарашада Астана қаласының қалалық жинақтау пунктінің базасында қалалық шақыру комиссиясының отырысы өтіп, оның аясында ҚР ТЖМ әскери бөліміне мерзімді әскери қызмет өткеру үшін шақырылушыларды жөнелту рәсімі ұйымдастырылды.

    Отырысқа Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Полиция департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Төтенше жағдайдар департаментінің өкілдері, сондай-ақ № 3 қалалық емхананың өкілдері қатысты.

    Шақыру комиссиясының жұмысы барысында шақырылушылардың жеке істері қаралып, медициналық куәландыру нәтижелері зерделенді, денсаулық жағдайы бағаланып, азаматтардың мерзімді әскери қызметке жарамдылық дәрежесі анықталды. Әрбір шақырылушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.

    Шақырылушыларды жөнелту күзгі шақыру науқаны аясында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары