
2026 жылғы 4 қыркүйекте Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабы бастығының төрағалығымен кеңес өтті.
Жиында 2026 жылғы көктемгі шақыру науқанының қорытындылары қаралып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігін жас толықтырумен жасақтау нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар Ұлттық ұланды жасақтау бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.
Кеңеске бейнеконференция байланысы режимінде Астана қаласынан Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Р.К. Бешеев, қала әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі М.З. Ельчибаев, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің және медициналық комиссияның өкілдері қатысты.
Кеңес барысында әскерге шақырылушыларды іріктеу, медициналық тексеруден өткізу және оларды әскери бөлімдерге жөнелту жұмыстарын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды. Шақыру науқанының сапасын арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.









