«Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Астана қаласының аумақтық қорғанысының әзірлік деңгейін арттыру, сондай-ақ запастағы әскери міндеттілердің білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 7-16 қыркүйек аралығында 99255 әскери бөлімінің запастағы әскери міндеттілерімен әскери жиын өткізілуде.
Әскери жиын барысында әскери міндеттілер әскери қызметтің негізгі бағыттары бойынша даярлықтан өтіп, бұрын алған білімдерін жетілдіреді және аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің құрамында қойылған міндеттерді орындауға қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.









