Астанада әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шығарып салу рәсімі өтті.

    Астанада әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шығарып салу рәсімі өтті.

    2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды шығарып салу іс-шарасы өтті.

    Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 20 шақырылушыдан құралған екінші команда жіберілді.

    Іс-шараға тиісті мемлекеттік органдардың, әскери басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ шақырылушылардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Болашақ әскери қызметшілерге зор денсаулық, қызметте табыс және әскери борышын абыроймен атқару тілектері білдірілді.

    Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру - жауапты әрі абыройлы міндет. Әскери қызметшілер қажетті даярлықтан өтіп, әскери тәртіпті сақтап, мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын болады.

    Күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары