Қараңғылық құтқармайды: ШҚО-да қоқыс тастағандар жауапқа тартылды

    1 / 2

    Қараңғылық құтқармайды: ШҚО-да қоқыс тастағандар жауапқа тартылды

    Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында полиция абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтті. Бұл жұмыс бөлімнің жедел басқаруына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен жүргізілуде.

    Камералар арқылы екі құқық бұзушылық тіркелді. Бірінші жағдайда жаяу жүргінші дүкеннің жанына қоқыс тастаған. Ал екінші заң бұзушы тұрақта тұрған автокөліктің жанында темекі тұқылын тастаған.

    Азаматтардың қараңғылықты жамылып, жауапкершіліктен жалтаруына мүмкіндік болмады. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың жолын кесті.

    Тексеру қорытындысы бойынша ауданның екі тұрғыны қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары