Полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында ер адамның тікелей эфирде «карбик» деген атаумен белгілі карбюратор тазалауға арналған сұйықтықтың буын иіскеп жатқанын көрсеткен бейнежазбасы анықталды.
Ер адамның жеке басы анықталды. Ол 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны Малик Али болып шықты.
Оған қатысты құқыққа қайшы контент үшін әкімшілік материалдар жинақталып, нәтижесінде 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция ескертеді: қауіпті әрекеттерді көрсету және ұқсас мазмұндағы бейнежазбаларды тарату заң талаптарына қайшы.
Әрбір мұндай құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті баға беріліп, жауапкершілік көзделген.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









