Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғын үймен қамту, апатты деп танылған үйлерге қатысты мәселелер, жер учаскелерін рәсімдеу, инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы түйткілдер көтерілді.
Сондай-ақ тұрғындар ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған әлеуметтік жобаны қолдау, жұмысқа орналасу, материалдық көмек көрсету, балалар ойын және спорт алаңдарын салу, көшелерді абаттандыру, жарықтандыру мен жол инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін жеткізді.
Қала әкімі әрбір өтінішті жеке қарастырып, жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеуді, олардың шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылдауды қажет ететін өтініштер бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді.
Тұрғындардың өтініштерін назардан тыс қалдырмай, әр мәселенің шешілу мүмкіндігін қарастыру және кері байланысты қамтамасыз ету қала әкімдігінің тұрақты бақылауында.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









