Жаңа өндіріс – жаңа мүмкіндік: №14 мекемеде 150-ге дейін сотталған жұмыспен қамтылады

    1 / 2

    №14 мекемеде жаңа өндіріс іске қосылды: 150-ге дейін сотталған жұмыспен қамтылады

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекемеде сотталғандарды еңбекпен қамтуға бағытталған жаңа өндірістік жобаның ресми ашылу рәсімі өтті.

    Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары, жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

    Жобаны жүзеге асыруға «Nova Nex» ЖШС бастамашы болды. Кәсіпорын модульдік қазандық блоктарын өндіруді қолға алды. Өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін серіктестік өз қаражаты есебінен арнайы модульдік ғимарат салған.

    Жаңа өндірістің іске қосылуы 150-ге дейін сотталғанды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл – мекемелердегі өндірістік әлеуетті арттырумен қатар, сотталғандардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

    Қылмыстық-атқару жүйесіндегі еңбекпен қамту – сотталғандарды әлеуметтік оңалтудың негізгі бағыттарының бірі. Еңбек ету арқылы олар кәсіби тәжірибе жинақтап, табыс табуға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуге мүмкіндік алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті" жаңалықтары