Шахмат тақтасында: №12 мекемеде сотталғандардың зияткерлік әлеуеті дамытылуда

    №12 мекемеде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

    Алматы облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.

    Осы бағытта Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №12 мекемеде сотталғандар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды.

    Зияткерлік сайыс Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2026–2035 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 24-тармағын орындау аясында өткізілді.

    Турнир Алматы облысының спорт саласындағы уәкілетті органымен бірлесіп ұйымдастырылды. Қатысушылар шахмат тақтасында өзара бақ сынап, логикалық ойлау, стратегиялық жоспарлау және шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың зияткерлік әлеуетін арттыру, спортқа деген қызығушылығын қалыптастыру және олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау.

    Мұндай бастамалар сотталғандардың жеке қабілеттерін дамытуға, бос уақытын тиімді өткізуге және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті" жаңалықтары