Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге
Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ардагерлер күніне орай сала ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесінде ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, саланың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге алғыс білдіру және олардың еңбегін ұлықтау.
Кездесу барысында департамент басшылығы ардагерлерге ізгі тілектерін жеткізіп, олардың кәсіби тәжірибесі мен қызметтік борышқа адалдығы бүгінгі буын үшін үлкен өнеге екенін атап өтті.
Ардагерлер – қылмыстық-атқару жүйесінің қалыптасу тарихын жасаған, қызметтік дәстүрлердің сақталуына және жас мамандардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына үлес қосқан қадірлі жандар. Олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбек жолы кейінгі ұрпақ үшін маңызды тәлім мектебі болып саналады.
Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, сала ардагерлеріне деген құрметті арттыруға және қызметтік дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған.
Департамент ұжымы барша ардагерлерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тілейді. Сіздердің ел игілігі жолындағы еселі еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









