Спорт, зияткерлік және командалық рух: №14 мекемеде сотталғандар арасында жарыстар өтті
№14 мекемеде сотталғандар арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар шахмат, ұлттық тоғызқұмалақ ойыны және волейболдан бақ сынап, өздерінің зияткерлік қабілеттері мен дене дайындығын, командалық бірлігін көрсетті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамытудың 2026–2035 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 24-тармағын орындау аясында өткізілді. Жарыстар Алматы облысының спорт саласындағы уәкілетті органымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Бағдарлама бірнеше бағытты қамтыды. Шахмат пен тоғызқұмалақ қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен стратегиялық пайымын дамытса, волейбол дене төзімділігін, тәртіп пен командалық өзара қолдауды нығайтуға мүмкіндік берді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың дене белсенділігін арттыру, зияткерлік қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Мұндай бастамалардың спорттық қана емес, әлеуметтік маңызы да зор. Олар сотталғандардың бойында оң көзқарас қалыптастыруға, ұжымда қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға және қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді.
Қылмыстық-атқару жүйесінде спорт тәрбиелік жұмыстың және сотталғандарды оңалту мен әлеуметтендірудің маңызды бағыттарының бірі саналады. Оның басты мақсаты – адамның қоғамға қайта оралуына және қалыпты өмірге бейімделуіне жағдай жасау.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









