1 / 11
Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобының тұрғындармен кездесуі өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысты.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, экономиканы жаңғырту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру, әлеуметтік саланың сапасын арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.
Жиын барысында республикалық жұмыс тобының мүшелері Жолдауда жүктелген міндеттерді іске асыру тетіктеріне тоқталып, өз салалары бойынша пікір алмасты.
Кездесудің ашық пікір алмасу бөлімінде қала тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









