№55 мекемеде Домбыра күніне орай сотталғандар арасында ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сотталғандар өз қолдарымен жасаған домбыралар мен ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Шеберлік пен шығармашылықты ұштастыра отырып жасалған бұйымдар олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға және бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қатысушылар домбыра тартып, қазақтың ұлттық музыкасы мен дәстүрлі өнерін дәріптеді. 🎵
Домбыра – халқымыздың тарихы мен рухын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізген қасиетті аспап. Осындай іс-шаралар сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.
🇰🇿 Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат, домбыра – қазақтың рухы!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









