№56 мекемеде сотталғандар арасында анонимді сауалнама жүргізілді

    1 / 2

    №56 мекемеде сотталғандар арасында анонимді сауалнама жүргізілді

    №56 мекемеде сотталғандар арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Аталған іс-шараға Ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Николай Тарара қатысты.

    Сауалнама барысында сотталғандарға мекемедегі ұстау жағдайлары, қызметкерлер тарапынан әдептілік нормаларының сақталуы, азаптау мен қатыгездік көрсету фактілері, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.

    Сауалнама анонимді түрде жүргізіліп, сотталғандарға өз пікірлері мен ұсыныстарын еркін білдіруге мүмкіндік берілді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың өтініштері мен шағымдарын анықтау, сондай-ақ мекемедегі жағдайды зерделеу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары