18 қарашада Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент және Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқарма қызметкерлері үшінӘдеп жөніндегі уәкіл МКД басшысының орынбасары Бауыржан Шәйкеновтың төрағалығымен,Ақмола облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Ерлан ДулатовтыңжәнеАқмола облысы Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ маман-теологы Дәулет Оспановтың қатысуымен семинар өтті.
Аталған іс-шарада «Химиялық тәуелділік түрлері. Құқықтық аспектілері», сондай-ақ «Деструктивті діни ағымдар мен оның ерекшеліктері» мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, шарада «Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық пен өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу туралы, мемлекеттік қызметшілердің белгіленген шектеулерді сақтауы, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы мәселелері талқыланды.
Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









