Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы
29 қыркүйектегі № 656 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ресімдеу, сондай-ақ электрондық
шот-фактураларды (ЭШФ) «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазып беру міндеті белгіленген тауарлардың тізбелері біртұтас тізбеге біріктірілді.
Аталған өзгеріс бұрын қолданыста болған тізбелерде тауарлардың бірдей санаттары қамтылғандықтан енгізілді.
Бұл ретте ТІЖ мен ЭШФ ресімдеу тәртібі өзгеріссіз қалады. Электрондық құжаттар қолданыстағы тәртіпке сәйкес ресімделеді.
Осылайша, енгізілген өзгерістер тек тауарлар тізбесінің құрылымына қатысты және электрондық құжаттарды ресімдеудің қолданыстағы тетігіне әсер етпейді.
Сонымен қатар, аталған бұйрықпен тізбе мынадай санаттағы тауарларды қосу есебінен кеңейтілді:
-ең төменгі баға деңгейіқолданылатын жекелеген тауарлар түрлерінің тізбесіне енгізілген тауарлар;
-ауыл шаруашылығы өнімдері.
Аталған тауарларға қатысты тиісті өзгерістерді қолдану 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап енгізіледі.
Қосымша хабарлаймыз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 764 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндеті қолданылатын тауарлар тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы
31 қазандағы № 657 бұйрығынан алып тасталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









