Алтын күз — жаңа өмірге жасалған қадам

    1 / 2

    Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №78 мекемеде сотталғандар арасында «Алтын күз» іс-шарасы өтті.

    Іс-шара №1 қалалық емханасының психологтарымен бірлесе ұйымдастырылды.

    Шара барысында сотталғандардың көңіл-күйін көтеруге, психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді:
    - психикалық денсаулықты сақтау,
    - психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу,
    - тәуелділіктің зияны туралы түсіндіру,
    - эмоционалдық жағдайды тұрақтандыру,
    - қиын жағдайларда психологиялық көмекке жүгіну мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Мақсат — сотталғандардың психологиялық жағдайын жақсарту, тәуелділіктің алдын алу және оларды қоғамға қайта бейімдеуге дайындау.

    Іс-шараға атсалысқан №1 қалалық емханасының психологтарына алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары