Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
ТЕАТРЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №54 мекемеде сотталғандар арасында мәдени-рухани бағыттағы театрлық қойылым ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Театрлық қойылым барысында қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мәдени іс-шаралар сотталғандардың рухани дамуына және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




