Ташкентте (Өзбекстан) ТМД Статистика комитетінің ұйымдастыруымен статистиканы дамытуға арналған ақпараттық-технологиялық шешімдерді әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға ТМД-ға мүше мемлекеттердің ұлттық статистика органдарының өкілдері, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Кеңесте статистика саласын цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын енгізу, үлкен деректерді (Big Data) пайдалану, машиналар арасында деректер алмасуды дамыту, сондай-ақ статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу процестерін автоматтандыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Кеңес аясында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының өкілдері ұлттық статистика жүйесін цифрлық трансформациялау, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу, статистикалық деректерді жинау және өңдеу процестерін автоматтандыру бағыттарындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








