2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102,9%-ды құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 51 935 млрд теңгеге жетті. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте бұл көрсеткіш 44 840,7 млрд теңгені құраған.
Өңдеу өнеркәсібінде оң динамика байқалды, мұнда өндіріс көлемі 8,6%-ға артты. Э лектр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау 12,4%-ды, сумен жабдықтау, суды бұру және қалдықтарды басқару саласында 9,2%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде машина мен жабдықтан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 34,8%-ға, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі 30,9%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 23,4%-ға өсті. Машина жасау өнімдерінің өндірісі 22,8%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 18,1%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 13,8%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 5,9%-ға артты.
Ө неркәсіп өндірісінің өсуі еліміздің 16 өңірінде тіркелді. Ең жоғары өсім Алматы, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында байқалды.








