Биыл STAT.DATATHON – 2026 бесінші, мерейтойлық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өтті. Байқауға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Армениядан 108 команда тіркелді. Бұл – байқау тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Байқауды ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің қолдауымен ұйымдастырды. Серіктестер – «El Umiti» корпоративтік қоры мен Alem.ai Foundation.
Халықаралық форматтағы байқау ТМД елдерінің жас мамандарын, студенттерін, зерттеушілері мен талдаушыларын біріктіріп, тәжірибе алмасуға, деректерді талдау, статистика және жасанды интеллект саласындағы заманауи құралдарды қолдануға мүмкіндік берді.
Байқау екі бағыт бойынша өтті. Data to Policy бағыты деректер негізінде шешімдер әзірлеуге, басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдауға және әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге арналды. Ал AI for Official Statistics бағыты ресми статистиканы дамытуда жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға бағытталды.
Қатысушылар статистикалық ақпарат негізінде жасалған синтетикалық деректер жиынтығын пайдаланып, бағдарламалау, деректерді талдау және визуализациялау құралдарын, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын қолданды.
Байқаудың финалдық кезеңі 20 қазанда Астана қаласындағы Alem.ai алаңында өтті. Ақтық сынға шыққан 21 команда өз жобаларын таныстырып, қорғады. Қатысушылар деректер мен заманауи технологияларды іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін барынша көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Data to Policy және AI for Official Statistics екі тректерінің әрқайсысында үш жеңімпаз команда анықталды.
Data to Policy:
1-орын – «Star» командасы (Әзербайжан);
2-орын – «Datathink» командасы (Қазақстан);
3-орын – «СПБГУ» командасы (Ресей).
AI for Official Statistics:
1-орын – «Котлы чудес» командасы (Қазақстан);
2-орын – «Datax» командасы (Қырғызстан);
3-орын – «Sana» командасы (Қазақстан).
«Бүгінде статистика сандар мен көрсеткіштер жиынтығы ғана емес, ол халықтың өмір сүру сапасы мен ел экономикасының дамуына ықпал ететін шешімдердің негізі. Біздің міндетіміз – деректерді жинап, талдаумен шектелмей, жас мамандардың сол деректерді нақты іске жаратып, тиімді шешімдер ұсынуына мүмкіндік жасау. STAT.DATATHON байқауы жастардың білімін, жаңаша ойлау қабілетін және өзекті мәселелерді шешуде жасанды интеллектіні қолдануға дайын екенін көрсетті. Байқаудың халықаралық деңгейде өтуі де аса маңызды көрсеткіш. Ол әр елдің дарынды жастарын біріктіріп, статистика саласында тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен инновациялық шешімдердің дамуына жол ашады. Байқау жеңімпаздарын жоғары нәтижелерімен құттықтаймын!» – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Келесі жылы қайта кездескенше!
STAT.DATATHON-2026 халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар
Шикізаттан индустрияға: Қазақстан терең өңдеу саласын ауқымды жаңғыртуға кірісті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
Аудан мектептеріне шығу арқылы әдістемелік талдау өткізілді
Аққулы ауданының білім беру бөліміАшу
Биіктікте жұмыс істеу кезінде, ең алдымен, қауіпсіздікке басты назар аудару қажет!
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаментіАшу
Спорттық би бойынша Pavlodar Cup 2026 республикалық турнирі
«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
Мемлекеттің қолдауымен 10 мыңнан астам мүгедектігі бар қазақстандық жұмыспен қамтылды
Целиноград ауданының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы" жаңалықтары

Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің кәсіптері мен лауазымдары бойынша жалақы көрсеткіштері
Ұлттық статистика бюросыАшу
2026 жылдың қаңтар-маусымындағы Қазақстанның жалпы өңірлік өнімі
Ұлттық статистика бюросыАшу
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1,1%-ға азайды
Ұлттық статистика бюросыАшу
Қарағандыда ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру үдерісі баяндалды
Ұлттық статистика бюросыАшу
Қазақстанда апта ішінде бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады
Ұлттық статистика бюросыАшу