ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ

    1 / 6
    ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ ОРЫНДАЛДЫ
    Өткен айда аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тұрғындармен өткен есептік кездесуінде айтылған облыстық маңызы бар КХ-75 «Мақталы – Асықата» автомобиль жолының 31+500 шақырым бөлігіне асфальт төсеу мәселесі бүгін оң шешімін тапты.
    Бұған дейін автомобиль жолының аталмыш бөлігінде толассыз жауған жауынның салдарынан орын алған лай көшкініне байланысты жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жол жиегін бекіту және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері жүзеге асырылған болатын. Мемлекет есебінен асфальттау жұмыстарын жүргізу ұзақ мерзімді талап ететіндіктен бұл іске кәсіпкерлер жұмылдырылып отыр.
    Аудан басшысының ұйымдастыруымен аудан аумағында мемлекеттік тапсырыс аясында бірнеше нысанды талапқа сай тапсырған «EL-KZ 2020» ЖШС мекемесінің басшысы Исатай Аташовтың демеушілігімен орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары