1 / 2
Республика күні қарсаңында Түркістан облысы Сауран ауданында «Жол жиегі – ел келбеті» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына 1200 адам қатысып, 25 техника жұмылдырылды.
Сенбілік Шорнақ, Бабайқорған, Ескі Иқан, Шаға, Оранғай және Иассы ауылдық округтерінің арасындағы жол бойларын қамтыды. Акцияға қатысушылар жол жиектерін қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды арнайы техниканың көмегімен шығарды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жалпы ұзындығы 90 шақырым аумақ тазаланып, 20 тонна қоқыс шығарылды. Ауылдық округтер арасындағы жолдардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған шараға тұрғындар белсенді қатысты.
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау ортақ жауапкершілікті талап етеді. Осы орайда тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға шақырамыз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі









