№53 мекемесінде сотталғандар арасында домбыра үйірмесі жұмыс жасауда
№53 мекемесінде сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында домбыра үйірмесі жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Үйірме жұмысы екі бағыт бойынша ұйымдастырылған: домбыра жасау және домбыра тартуды үйрену.
Домбыра жасау бағытында қатысушыларға қазақтың ұлттық музыкалық аспабының құрылымы, жасалу ерекшеліктері, ағашты өңдеу, қажетті бөлшектерді дайындау және аспапты құрастыру жолдары үйретіледі. Бұл бағыт сотталғандардың қолөнер шеберлігін шыңдап, еңбекке деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ал домбыра тартуды үйрену бағытында қатысушыларға домбыраны дұрыс ұстау, пернелерді басу, қағыс түрлерін меңгеру, күй мен халық әндерін орындаудың бастапқы әдістері үйретіледі. Сонымен қатар, қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен ұлттық дәстүрлері насихатталады.
Үйірменің негізгі мақсаты – сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еңбекке баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









