1 / 8
2026 жылғы 16 қарашада Бәйтерек ауданы әкімі аппаратында аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарын түсіндіру, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді тіркеу мен қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды практикалық тұрғыдан түсіндіру.
Іс-шараға Бәйтерек ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері аппараттарының, аудандық бөлімдер мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Семинар барысында өтініштерді заңнама талаптарына сәйкес тіркеу және қарау, әкімшілік рәсімдерді дұрыс жүргізу, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі белгіленген мерзімде көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ӘРПК талаптарын іс жүзінде қолдану кезінде туындайтын мәселелерге назар аударылып, қатысушыларға тиісті түсіндірмелер берілді.
Мұндай оқыту іс-шаралары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық сауаттылығын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Алдағы уақытта да осы бағыттағы оқыту семинарлары өз жалғасын табатын болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








