АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ!

    Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданының мақтанышы, «Асан Аул» ЖШС басшысы Асанов Бейбіт Батниязұлы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан жоғары мемлекеттік награда – «Парасат» орденімен марапатталды.
    Бұл – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан зор үлесінің, көп жылғы табанды еңбегінің, кәсіби біліктілігі мен ел игілігі жолындағы іскерлік қызметінің лайықты бағасы.
    Бейбіт Батниязұлы ұзақ жылдар бойы аграрлық саланың дамуына, ауыл шаруашылығы өндірісінің өркендеуіне және туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып келеді.
    «Асан Аул» ЖШС – ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды кәсіпорындарының бірі. Шаруашылықтың жетістігі – басшының іскерлігі мен еңбек ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі.
    Сонымен қатар, Бейбіт Батниязұлы туған жердің дамуына, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік бастамаларды қолдауға ерекше көңіл бөліп жүрген азамат.
    Мемлекеттік награда – адал еңбек пен елге сіңірген қызметтің айқын көрінісі.
    Құрметті Бейбіт Батниязұлы!
    Сізді жоғары мемлекеттік марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
    Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
    Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!
    🇰🇿 Еңбек – елдің мерейі, елге қызмет ету – абырой

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бәйтерек ауданының әкімдігі" жаңалықтары