1 / 6
2026 жылғы 20 қарашада Дариян ауылдық кітапханасында аудан әкімі аппараты басшысының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) талаптарын түсіндіру, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді тіркеу мен қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды практикалық тұрғыдан түсіндіру.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру барысында туындайтын өзекті мәселелер, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарға қатыспау, сондай-ақ такси қызметімен айналысуға жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Бәйтерек ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Семинар барысында өтініштерді заңнама талаптарына сәйкес тіркеу және қарау, әкімшілік рәсімдерді дұрыс жүргізу, мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі белгіленген мерзімде көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ӘРПК талаптарын іс жүзінде қолдану кезінде туындайтын мәселелерге назар аударылып, қатысушыларға тиісті түсіндірмелер берілді.
Мұндай оқыту іс-шаралары мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, құқықтық сауаттылығын нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Алдағы уақытта да осы бағыттағы оқыту семинарлары өз жалғасын табатын болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









