Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Менің Отаным – Қазақстан» жас патриоттар форумына қатысты.
Іс-шараға «Жас құтқарушы», «Жас сарбаз», «Жас ұлан» қозғалыстарының өкілдері, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты.
Форум аясында Департамент өкілдері өрт сөндіру-құтқару техникасы, арнайы жабдықтар мен құрал-саймандардың көрмесін ұйымдастырды. Қатысушылар құтқару бөлімшелерінің мүмкіндіктерімен танысып, құтқарушы мамандығының ерекшеліктері және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Жастардың ерекше қызығушылығын құтқарушылардың техникасы мен жабдықтарын жақыннан көріп, олардың күнделікті қызметінің ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігі тудырды.
Осындай іс-шараларға қатысу өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілікті, батылдықты және көмекке келуге дайын болу қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгінгі жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, біз еліміздің жауапты әрі қауіпсіз болашағының негізін қалаймыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








