Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Е. Отарғалымұлы шекара маңындағы орман алқаптарын әуеден шолып, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы мен аумақтардың жай-күйін бағалады.
Бақылау барысында орман өрттеріне себеп болуы мүмкін факторларды дер кезінде анықтауға және шекаралас аумақтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Бородулиха ауданының Қызыл Яр және Речное ауылдары маңындағы Үбі өзенінің су тасқыны мен мұз кептелісі қаупі бар учаскелері тексерілді. Өзен арнасы мен жағалау аумақтарының жай-күйі зерделенді.
Іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуға, қауіп-қатерлерді ерте анықтауға және қажетті шараларды уақтылы қабылдауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









