№56 МЕКЕМЕДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
№56 мекемесінде сотталғандар арасында психологиялық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға қалалық емханадан психолог маман арнайы шақырылып, сотталғандарға психологиялық денсаулықты сақтау, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру, күйзелістің алдын алу және қиын жағдайлардан шығу жолдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға өз эмоцияларын дұрыс басқару, жағымсыз ойлардан арылу, қарым-қатынасты жақсарту және психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттар берілді.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру және күйзелістің алдын алу.
Психологиялық қолдау – тұлғаның оң өзгеруіне бастайтын маңызды қадам. 🕊️
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









